Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСалтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев қандай бап бойынша тергеліп жатқаны мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана полиция департаменті ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Оның бірі 110-баптың 2-бөлігі (азаптау), екіншісі 99-баптың 2-бөлімі (аса қатігездікпен кісі өлтіру).
Бұған дейін тек 99-бап бойынша іс қозғалғаны анықталған. Қылмыстық кодекске сәйкес, азаптау үшін төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бишімбаевтың ағасы "Гастро-орталық" директорына қатысты қылмыстық кодекстің 432-бабы (жасыру) және 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша тергеу аяқталған.
Сондай-ақ Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылғанын жазған едік.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар