11.01.2024
17:52
2036
Әйелін өлтірген Бишімбаевты қамауға алу мерзімі белгілі болды

Әйелін өлтірген Бишімбаевты қамауға алу мерзімі белгілі болды

Салтанат Нүкенованы өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, - делінген Астана қалалық соты ақпаратында.

Оған Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау  түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

Экс-министр 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Кейін жедел жәрдем келген оның әйелі оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.