12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікХромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны көшеде бейтаныс адамға оқ атты. Ол ішімдік ішіп, әйелімен ұрсып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға түнде сағат 02:00 шамасында тіркелді. Полицияның 102 пультіне Хромтау қаласы Жұбанов көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз адамға оқ атылғаны туралы хабар түсті.
Күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына дереу полиция жасағы жіберілді. Полиция капитаны Мақсат Дастан мен полиция аға лейтенанты Жылқайдар Жұлдызбек өз өмірін қатерге тігіп, оқ атқан адамды ұстады. Ол Хромтау қаласының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, күдікті әйелімен жанжалдасып, кейін көпқабатты үйдің ауласына шыққан. Өтіп бара жатқан адамға оқ атқан. Жәбірленуші иығынан жарақат алды,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер