12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБішкекте күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азия чемпионатында қазақстандық Анастасия Панасович 72 келіде өзбекстандық Озода Зарипбоеваны 10:0 есебімен мерзімінен бұрын ұтты. Осылайша ол сары құрлық біріншілігінің қоласына қол жеткізді.
Анастасия 14сәуірде Оңтүстік Корея өкілі Жи Сон Лиді 3:2 есебімен ұтып, жартылай финалда үндістандық Нарчита Нарчитадан 5:0 нәтижесімен жол берді.
Сондай-ақ, 57 келіде сынға түскен Лаура Әлмағанбетова қола жүлде үшін күресте қырғыз спортшысы Сезім Жұманазаровадан 5:0 есебімен басым түсті.
Ал 65 келіде қола жүлде үшін күрескен Ирина Казюлина Қытай спортшысынан ұтылып қалды.
Кеше Қазақстан әйелдер құрамасынан 59 келіде Диана Каюмова мен 76 келіде Эльмира Сыздықова қола жүлдеге ие болған еді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер