Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДипломатиялық корпус «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асыру жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарына жоғары баға берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын іске асыру жөніндегі өзекті ұлттық іс-әрекет жоспары дипломатиялық корпусқа таныстырылды. Оған МАМ, СІМ, ІІМ, ҚМ, ТЖМ, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Биыл Қазақстан БҰҰ ҚК қарарларын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-әрекет жоспарын жаңартты. Жоспарға барлығы 34 іс-шара енді.
Олардың барлығы әйелдердің жанжалдарды шешіп, алдын алуына, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тең құқықты болуына, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, осы туралы білімін арттыруға, азаматтық қоғаммен өзара байланысты күшейтуге және әйелдерді қорғауға бағытталған. Бұл іс-шаралар 2022-2025 жылдарға жоспарланған, - деп атап өтті мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.
Дипломатиялық корпус Жоспардың жаңа редакциясына және Қазақстанның гендерлік саясатты іске асыруына жоғары баға берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1325 қарарын ұлттық деңгейде жүзеге асыруға шақырды. Сол жылы ЕҚЫҰ гендерлік теңдікті қолдау жөніндегі іс-әрекет жоспарын ұсынды, ол ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 мемлекетке «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін жүзеге асыруды қолдауға міндеттеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?