6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚызылорда-Астана пойызында жантүршігерлік жағдай болды. Жолаушылардың бірі бала босанып, оны терезеден лақтырып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 сәуір күні болған. Пойыз Қарағанды станциясынан өткеннен кейін жолсерік санитарлық аймақтан қанды байқаған. Жолаушылардың бірі қанның іздері арқылы көрші купедегі әйелді анықтап, оның жатын орны қанға малынып жатқанын аңғарған. Кейін оның жаңа босанғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексерудің нәтижесіне қарай, сәйкес процессуалдық шешім қабылданады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жауап берді Көліктегі полиция департаменті.
Кейінірек пойыз жолының жиегінен нәрестенің денесі табылған. Өкінішке қарай, сәби тірі қалмады.
Аталған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі