12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАҚШ-та әйелге Uber жүргізушісін атып тастады деген айып тағылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шекарада орналасқан Эль-Пасо (Техас штаты) қаласы полициясының мәліметінше, Фиби Копас есімді әйел өзін Мексикаға алып кетеді деп қорыққан. Сондықтан да көлік жүргізушісі Даниэль Пьедра Гарсияны атып тастаған.
52 жастағы ер адам ауруханада бірнеше күннен кейін қайтыс болды.
Полиция таратқан дерекке сәйкес, Копас «Хуарес, Мексика» деген жол белгісін көрген. Бұл қалалар АҚШ-Мексика елдерінің шекараларында орналасқан.
Белгілі болғандай, Копас сөмкесінен тапаншаны шығарып, жүргізушінің басынан атқан. Әйел адам жедел қызметке хабарласып, жүргізушінің суретін жігітіне жіберген.
Тергеу бұл істің адам ұрлығы немесе Пьедраның Копасты тиісті жерге жеткізуден бас тартқанын растамайды, - делінген Эль-Пасо полициясы таратқан мәліметте.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер