20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМасленница мерекесінде құймақ жеу сайысына қатысқан 36 жастағы әйел тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Ресейдің Красноярск облысына қарасты ауылдардың бірінде болған. Наталья Алатова Масленница мерекесіндегі құймақ жеу жарысына қатысып, жеңіске жету үшін тағамды шайнамай жұтқан. Алайда көп мөлшердегі құймақ өңешін жауып, тыныс алуын тоқтатты. Оқиға орнында кезекші дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен, әйелді аман алып қалу мүмкін болмады.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ұйымдастырушылар жарыстың барлық қауіпсіздік талаптарына сай өткенін мәлімдеді. Бұл қайғылы жағдай тағам жеу жарыстарының қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар туындатуда.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?