15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАҚШ-тың Мичиган штатында қайғылы оқиға орын алды: 52 жастағы әйел өзінің бір жасар немересін байқамай, шөп шабатын машинамен басып кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы New York Post басылымы мәлімдеді.
Оқиға жеке тұрғын үйдің ауласында болған. Әйел немересінің далада жүргенін білмеген. Қатты жарақат алған сәби дереу жергілікті ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қайғылы жайтқа байланысты қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Газет мәліметінше, АҚШ-та жыл сайын шамамен 70 мың адам шөп шабатын машинадан жарақат алады, олардың арасында кейбірі ауыр халге түсіп, тіпті өмірімен қош айтысады. Мұндай тұрмыстық техникалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер жиі көтеріледі, әсіресе балалардың қатысуымен болатын оқиғалар қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.
Бұған дейін әйел ұлының екі жылдан бері тамақ жемейтінін айтып, көмек сұрағаны туралы жазған едік.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады