Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыРесей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға келудегі мақсаты - екі ел арасындағы сауда-саттықты нығайту. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша Ресей Қазақстанның ең жақын көршісі және басты сауда серіктестерінің бірі.
Екі ел басшыларының арасында талқыланатын екі үлкен мәселе бар. Біріншісі, ол жалпы саясат. Өздеріңіз білетіндей осы күннің өзінде екі елдің арасындағы сауда қатынастары рекордтық дәрежеге жетіп, 28 млрд доллардан асып жығылды. Ал алдағы жылдарға қойылған меже 30 млрд-қа жеткізу. Ол енді үлкен табандылықты қажет етеді. Екіншіден, Ресей федерациясындағы 87 аймақтың 82-сімен біздің ел сауда-саттық жүргізеді. Бүгін солардың форумы болады. Форумда қарым-қатынастарды әрі қарай дамыту, іске асыру жөнінде үлкен әңгімелер қозғалатын болады. Сондықтан осы екі мәселе негізгісі. Ал қалғаны осы тақырыптың төңірегіндегі мәселелер, – деді депутат.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Ресей Қазақстанның ең басты сауда серіктестерінің бірі және экономикамызға қаржы құйған үш жетекші инвестордың бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастар тарихында Қазақстан да тұңғыш рет Ресейдің бес ірі сауда серіктесінің санатына қосылғанын мәлімдеп, бұл екі елдің ынтымақтастық әлеуеті жоғары әрі берік екенін аңғартатынын айтты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары