Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӨнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова өзіне киноға түсуге ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқырманның "Неге киноға түспейсің?" деген сұрағына Айдана Меденова былай деп жауап берді:
Түскім келмейді. Айтпақшы, жақында орамалмен түсетін рөл ұсынды, бірақ бас тарттым,- деді ол.
Сондай-ақ желі қолданушылары әншіден ернін үлкейткеніне қатысты сұрақ қойды.
Ернімді қалпына келтіретіндей ештеңе еккен жоқпын. Үлкейткен күннің өзінде осы уақытқа дейін алып тастар едім. Көпшілік мені “жасанды” деп айтып жүретін. Қазір макяж жасамаған соң ба, олай айтуды қойды. Мен адамдардың тұрақсыз пікірлеріне үйреніп кеткенмін, – дейді Айдана Меденова.
Айта кетейік, әнші Айдана Меденова хиджабты шешуге қатысты желідегі оқырманының сауалына жауап берген еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады