23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Илон Маск болашаққа жаңа бағдар жасады. Келесі үш жылда орбитадағы жасанды интеллект ең арзан есептеу құралына айналуы мүмкін, ал жақын болашақта спутниктерді Ай бетінде құрастыру жоспарда бар, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Миллиардердің айтуынша, шамамен үш жылдың ішінде орбитада жұмыс істейтін ІІ жүйелері жердегі кез келген дербес орталықтардан арзан әрі тиімді болмақ. Тағы бір жыл өткеннен кейін мұндай технологиялар ең жылдам кеңейтілетін индустрия деңгейіне жетуі ықтимал. Космостық инфрақұрылым Жер жағдайында қайталау мүмкін емес қарқынмен қуат өсіруге жол ашады.
Ұзақмерзімді бағыт ретінде Маск спутниктерге қажетті техниканы тікелей Айда өндіру идеясын да айтып өтті. Бұл қадам есептеу қуатын бірнеше есе арттырып, өндірісті жердегі шектеулерден толықтай тәуелсіз етуге мүмкіндік береді. Мұндай жоспар адамзатты Кардашев шкаласындағы II деңгейге, бүкіл Күн жүйесінің энергиясын пайдалана алатын өркениетке жақындатады.
Жасанды интеллектті ғарышқа орналастыру жердегі инфрақұрылымға тәуелділікті азайтып, қызып кету, ресурс тапшылығы немесе жергілікті техникалық ақаулар сияқты қауіптерді едәуір төмендетеді.
Бұған дейін Маск өркениеттің болашағы мен энергия көздеріне қатысты ойларымен бөліскен еді. Оның пікірінше, адамзат үшін басты және салыстыруға келмейтін энергия көзі - Күн.
Сонымен қатар ол Марс пен Айға алғашқы экспедицияларға аттанатындар Жерде қалатындармен салыстырғанда әлдеқайда қиын жағдайларды бастан өткеретінін ашық айтты. Алғашқы қадамдарда орта тар, ауыр әрі жайлылықтан алыс болатынын ескертті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік