7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылатын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау науқаны соңғы кезеңге жетті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Биыл төртінші рет өтетін байқауға «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын» және «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады.
Байқауға отандық жазушылар қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден беріледі.
Өтінім 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін www.aiboz.kz сайты арқылы жолдануы тиіс. Осы кезге дейін сыйлыққа барлығы 66 шығарма келіп түсті. Оның ішінде «Үздік проза» бойынша – 18, «Үздік поэзия» – 10, «Үздік драматургия» – 12, «Үздік әдеби сын» – 3, «Үздік әдеби аударма» – 5, «Үздік балалар әдебиеті» – 17 және «Үздік комикс» бойынша 1 шығарма қабылданды.
Ұлттық әдеби сыйлықтың жеңімпаздары жыл соңында анықталады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?