Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорданың Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен тұрғындарға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау үшін Аяз ата мен Ақшақар қала көшелерін аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, жаңа жылдың бас кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар Байқоңыр ауданындағы басты даңғылдар мен көшелерді аралап, тұрғындарға тәттілер таратты. Тіпті, қоғамдық көліктерге мініп жолаушыларға ән де айтқызып, би де билетті.
Бұдан бөлек, қала тазалығы үшін еңбек етіп жатқан коммуналдық сала қызметкерлерін де құттықтады. Олардың еңбектеріне алғыс білдіріп, жаңа жылдық сыйлықтар да табыстады.
Айта кетейік, 31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.
Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?