7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Қазгидромет» РМК 21 желтоқсан күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл өңірлерде аяз күшейеді. Түнде және таңертең қар жауып, боран, тұман байқалады. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 25-35° аяз, күндіз 16-24° аяз. Астанада түнде қар жауып, күндіз -22…-24°. Көкшетау мен Қостанайда қатты аяз сақталады.
Шығыста қар, боран және көктайғақ күтіледі, кей жерлерде қар қатты жауады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-20° аралығында, жекелеген аймақтарда 25° аяз болады. Өскемен мен Семейде қар мен боран байқалады.
Батыс аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз, кей жерде тұман мен көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 7-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 2-23° аяз, күндіз 0…15° аяз. Оралда тұман, Ақтауда күн ашық, Атырауда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстікте қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі, таулы аймақтарда боран, тұман және көктайғақ болады. Жел 9-14 м/с, таулы өңірлерде 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-8° аяз, күндіз 2° аяздан 2° жылуға дейін. Алматы мен Талдықорғанда қар жауады, Шымкент пен Түркістанда күн салқындап, қар байқалады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?