13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЖапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваның спорттық жүрістен марафондағы жеңісі жойылды. Спортшы 42,195 шақырымдық қашықтықты бірінші болып аяқтаған еді.
Тоқсанбаева жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтап, Қазақстан құрамасына тоғызыншы алтын медаль әкелуі тиіс болған.
Алайда жарыс аяқталғаннан кейін қарсыластары қазақстандық спортшының аяқ киіміне қатысты наразылық білдіріп, оның нәтижесіне наразылық (протест) жолдаған. Ресми хаттамада Тоқсанбаеваның нәтижесіне «Protested» деген белгі қойылған.
Наразылықтың себебі спортшы киген ASICS кроссовкасының World Athletics ұйымы бекіткен рұқсат етілген аяқ киімдер тізіміне сәйкестігіне қатысты болған.
Кейін Токсанбаеваның нәтижесі жойылды. Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, бұл оқиғаның өзі үшін ауыр соққы болғанын айтты.
Ясмина Токсанбаева Қазақстанға алтын медаль әкелгісі келгенін айтып, өзін қолдаған барша жанға алғысын білдірді. Сондай-ақ жарыс барысында соңына дейін күрескенін жеткізіп, эмоцияға берілгені үшін кешірім сұрады.
Бұған дейін спортшы тіпті алтын медалі жойылған жағдайда да қайта оралып, оны тағы да жеңіп алуға тырысатынын айтқан болатын.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды