Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық спортшы Аян Тұрсын Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында Ушу-саньда сайысы бойынша қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді.
52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.
Айта кетейік, қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар.
Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.
Сонымен қатар жүзуден 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында отандасымыз Әділбек Мусин қола жүлдеге ие болды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары