28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕлордадағы Музыкалық жас көрермен театрының актерлері «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіріп, өнер ордасының айналасын қардан тазартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігі Музыкалық жас көрермен театрының ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдай отырып, әріптестерімізбен бірге театрымыздың алдын қардан тазарттық. Осылайша көрермендерімізді ыстық ықыласпен, көтеріңкі көңіл күймен қарсы аламыз, - деді Музыкалық жас көрермен театры басшысының орынбасары Алмаз Шоман.
Экологиялық акцияға Аян Төлепберген, Оразалы Игілік, Нұржас Садырбаев, Еламан Иманбаев және театрдың басқа да актерлері қатысып, мәдени нысанның айналасын қалыпқа келтірді.
Бірнеше сағаттан кейін Музыкалық жас көрермен театрының көрермендері бізге қарай ағылады. Мынау қар олардың спектакльден керемет әсер алып шығуына кедергі жасайды деген оймен және әріптестерімізбен бірге «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында айналаны қардан тазартып жатырмыз. Акцияны қолдаңыздар, қарды тазалап тастаңыздар, - деді театр актері Аян Төлепберген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?