Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Ардақ Назаров әріптесі Дәлет Тұрлыхановтың ұлына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтергені мәлім болған еді. Сондай-ақ желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір баласы Әкежан Тұрлыханов әйелді ұрып-соқты деген ақпарат тараған еді.
Дәулет аға - Қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар. Қызметке келген мақсаты біреу - елінің жыртығына жамау болу…
Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тірісінде қадірін біле алмадық. Ендігі ол кісінің ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тікесінен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді, - деп жазған ол.
Ол Дәулет Тұрлыхановтың абыройына нұқсан келтіріп жүрген арнайы топтардың барын жасырмады.
Ал бізші? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтіріп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті. Кейінгі уақытта елінің сөзін сөйлейтін, қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау. Еліне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа теріс етіп көрсетіп, абыройын түсіріп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізге нұқсан келтіру ғана. Ойланайық қазағым, - деп жазды ол.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары