Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бала кезіндегі естеліктерді бөлісті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Жұлдыз бала күнінде жиі барып тұратын мекенге қадам басып, қызықты сәттерін еске алды. Актрисаның сөзіне қарағанда, ол мақтаға барып, тіпті кетпен де қолына ұстап көрген.
Маған бұл мекен бөтен емес. Нағышыларымның ауылы. Бала күнімде жиі келетінмін. Сол себепті ең қызық та тәтті естеліктерім осы жермен байланысты.
Жетісай ауданы мақта шаруашылығымен айналысатынын білесіз ғой? Жазы ми қайнайтын ыстық. Сол аптапта шабыққа шығатынбыз. Баланың ісі шала емес пе, екі рет аяғымды кетпенмен шауып алғаным есімде.
Сол кездерді ойласам, арықтан су ішіп, күннің астында жүріп, ағаштан алманы үзіп алып, етегімізге сүртіп жіберіп жесек те ауырмайтынбыз. Балалық мекенім сонысымен тәтті, ыстық, - деп жазады ол Instagram-да.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары