Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАягөзде әскери қызметшінің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев айтты.
Аягөз гарнизонында болған жағдайға келетін болсақ, шақырту бойынша 2 жылға келген әскери қызметші. Офицер 6 қыркүйек күні тізімге енді. Ол далалық жұмыстармен байланысты емес қаржы қызметіндегі лауазымда болды. Көшуіне байланысты барлық өтемақы төленді. Күні кеше ол әкесімен сөйлескен. Әскери қызметке байланысты шағым түсірмеген. Қазір қандай да бір болжам айта алмаймыз, - деді Тілеухан Басхожаев БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында.
Басхожаев бұл оқиға бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Бұған дейін Аягөзде тағы бір әскери қызметкер көз жұмғаны мәлім болды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?