Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Күн тұтылады, табиғат құбылысы 5 сағатқа созылуы ықтимал, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астрономдар Астана уақытымен сағат 23:17 шамасында Күннің толық тұтылатынын мәлімдеді. Күннің тұтылу процесі, әсіресе, Мексиканың солтүстік аймағында анық байқалады.
Сондай-ақ Күннің толық тұтылуы АҚШ пен Канадада, Тынық мұхиты мен Атлант мұхитындағы кейбір аралдарда да көрінеді. Жеке фазалардың тұтылуын Солтүстік және Оңтүстік Америка, Орталық Америка, Тынық және Атлант мұхиттары жағалауындағы елдер мен Батыс Еуропа тұрғындары тамашалай алады.
8 сәуірдегі Күн тұтылуы кезіндегі Жерден айға дейінгі арақашықтық – 353 321 шақырым. Ал Ай көлеңкесінің орташа ұзындығы 373 320 шақырым болады. Айдың көрінетін диаметрі Күн дискісінің көрінетін диаметрінен 1,0566 есе үлкен болғандықтан Ай Күн бетін толығымен жабады.
Күн тұтылуы кезінде қараңғылық тез түседі. Көкжиекте қызғылт шапаққа ұқсайтын жарқырау байқалады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?