Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«ҚазАвтоЖол» Абай облысы жүргізушілеріне ауа райының нашарлауына байланысты жолда мұқият болуды ескертті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Ұлттық компания 1 қараша күні сағат 20:00-ден 5 қараша күні сағат 20:00-ге дейін аймақта дауылдық ескерту жарияланғанын құлағдар етті.
«4 қарашада түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіліп отыр. 5 қарашада қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады», – деп хабарлады Ұлттық компания.
Ведомство хабарлағандай, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасының 5 қарашада түнде және күндіз 5-10 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» тұрғындардан жолда жүру ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауды сұрады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек