16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамыЕлімізде 1 желтоқсаннан бастап автокөлікті лизинг арқылы алу мүмкіндігі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев автолизингтің автонесиеден қандай артықшылықтары бар екенін айтып берді.
Панбаевтың сөзінше, лизингтің негізгі ерекшелігі - көліктің төлем толық жабылғанша лизингтік компанияның меншігінде болуы. Ал оны пайдаланушы азамат қажет болса, компанияға жүгініп, басқа автокөлікке ауыстыра алады. Тағы бір маңызды артықшылық, лизинг жөніндегі ақпарат несие тарихына қарыз ретінде әсер етпейді, яғни клиенттің кредиттік есебінде бұл қарыз ретінде тіркелмейді.
«ForteLeasing» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Саят Үрпежанов автолизинг бойынша алғашқы пилоттық жобаның сәтті жүзеге асқанын айтты. Бұл жоба Allur Group-тың қатысуымен өткізілген. Көліктер 10 пайыз бастапқы жарнамемен, жылдық 15 пайыз мөлшерлемемен үш жылға ұсынылған. Оның айтуынша, халықаралық тәжірибеде автолизинг ешқандай бастапқы жарнамасыз берілуі де жиі кездеседі, ал пайыздық мөлшерлемелер де төмен болады. Қазақстанда да осы бағытты жетілдіру жоспарда бар.
Қазіргі таңда автолизингке қатысты жаңа бастамалар қаралып, Үкімет пен салалық ұйымдармен бірлесіп талқыланып жатыр.
16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?