29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары3 шілдеден бастап Қырғызстан астанасы Бішкекте күн күрт қайнап тұр. Сол күннен бері ауа температурасы +37 градусқа жетсе, жұма күні +39-ға дейін көтерілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, сенбі және жексенбі күндері де күн +35 градустан төмендемейді.
«Бишкек сегодня» атты жергілікті ақпараттық паблик қалалық автобустың ішінен түсірілген фотосуретті жариялады. Суретте салон ішіндегі термометр +61 градусты көрсетіп тұр.
Қалада ыстықтан есінен танып жатқандар бар. Кешкі уақытта бір бойжеткен есінен танып құлап қалған. Полицейлер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.
Қала әкімі Айбек Жунушалиев аптап ыстыққа байланысты Бішкектегі жасыл желекті суаруды күшейтуді тапсырды. Уақытылы суарылмаған жағдайда, жауапты тұлғалар жазаланатынын алға тартты.
Айта кетейік, Қазақстанда да алдағы күндері ауа райы күрт ысиды деп күтілуде. Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігінде температура +45-46 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығысында +40-45 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек