13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАстанадағы автобус апатынан зардап шеккен 8 жастағы Алуаның туыстары елден көмек сұрап жатыр,деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Олар әлеуметтік желіде Алуаға халықтан көмек алу үшін жеке парақша (@help.aluabeken) ашып, банк шоттарын жариялаған. Дереккөздерге сүйенсек, зардап шеккен қыздың анасы - жалғызбасты. Кәмелет жасына толмаған бес баланы асырап отыр. Қазір қызының жағдайына байланысты жұмыстан шығып кеткен.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына баспана мәселесін шешіп беретінін ресми мәлімдеді.
Еске салайық, 2 маусымда Астана қаласындағы Республика даңғылында жолаушы автобусы ақпараттық тақта тіреуіне соғылған еді. Жол апатынан 15 адам зардап шекті.
Оқи отырыңыздар:
Үш жолаушы ауруханаға түскен. Дәрігерлер 8 жастағы Алуа Бекеннің екі аяғын кесуге мәжбүр болған. Астанадағы ірі жол апатынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі қамауға алынған болатын.
Алуаның туыстарымен байланысу үшін: +77752323097, +77020293818.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды