23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әншілердің фонограммамен ән айтуына қарсы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат концертке билет алған тыңдарманнның алдында әншілер жанды дауыста ән шырқауы тиіс деп есептейді.
Білесіздер, біздегі қолданыстағы заң бойынша әншілер фонограмманы пайдаланған кезде концерт ұйымдастырушылары ол туралы көрермендерді хабардар етуге міндетті. Бүгінгі әнші аузын жыбырлатып, фонограммамен айтады деп айтылуы тиіс. Бірақ ол ереже бізде мүлдем жұмыс істемейді. Сондықтан біз бұл заң жобасына фонограмманы пайдалануға тыйым салу туралы түзетулер енгізуді ұсындық. Бірақ министрлік мұны қолдап отырған жоқ. Айтатын сылтау көп. Өңірлерде техникалық құралдардың 70 пайызы тозған дейді. Бірақ біз норманы тағы да жеңілдетіп, мынадай механизм ұсындық, - дейді депутат.
Алайда министрлік тарапынан бұл ұсыныс та қолдау таппаған.
Концерт залы техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілсе, фонограмманы пайдалануға тыйым салынады дедік. Бірақ бұл норма да өткен жоқ. Мен бір әншінің әнін тыңдағым келсе, YouTube-тан да тыңдай аламын, дискісін сатып алып, көлігімде отырып тыңдаймын. Бірақ ақшасын төлеп, концертке барған көрермен неге фонограммамен тыңдауы тиіс? Бұл талап орынды деп ойлаймыз. Екіншіден, бізге айтылып отырған тағы бір сылтау – білікті дыбыс режиссерлері жетіспейді дейді. Енді сұраныс болмағандықтан, әрине, жетіспейді. Фонограмманы алып тастаса, ең қымбат гонорарды дыбыс режиссерлары алар еді. Бұл да қиын деген соң жеңіл норма ұсындық. Егер орын жеткілікті түрде жабдықталмаған және концерттерге бейіделмеген болса, онда аудитория хабардар ете отырып, фонограммаға рұқсат етіледі дедік. Бірақ бұған да қарсы болып отырсыздар, - дейді Мақсат Толықбай.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады