Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАйта кетейік, ауыр атлетикадан Америка Құрама Штатының Хьюстон қаласында өткен әлем біріншілігінде қос қызылордалық жеңіспен оралды. 94 келіде Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанса, 105 келіде Александр Зайчиков алтыннан алқа тағынды.
-Спортшының жетістігі – елдің мерейі. Қазақстан чемпионаттары мен Әлемдік аренада атой салып, ел намысын қорғап жүрген спортшыларымыз да жетерлік. Биылғы жылы облыс спортшылары Қазақстан чемпионаттарында 461 жүлдені иеленсе, Әлем, Азия біріншіліктерінде қоржынға 40 жүлде салды. Өздеріңіз білесіздер, шет мемлекеттерде тек екі жағдайда біздің Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Бірі - Елбасы сол елге барған кезде, екіншісі - спортшымыз жеңіске жеткен сәтте. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында мерейімізді асқақтатқан қос қыранымызға алдағы үлкен додада сәттілік тілеп, тіл-көзден аман болыңыздар, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қос спортшы өздеріне көрсетіліп жтқан құрметке ризашылықтарын білдіріп, келер жылы Бразилияда өтетін Олимпиадада жеңіске жету үшін жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Кездесу барысында Александар Зайчиковке үш бөлмелі пәтер кілті және 2 млн. теңгенің сертификаты, ал Алмас Өтешовке 1,5 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Әзірлеген: Досжан Мейірім
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі