Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚатерлі дертпен күресіп жүрген актер Мұрат Бисембиннің жай-күйі қалың көрерменді бейжай қалдырмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Былтыр ауыр диагноз қойылған сәттен бастап, ол өзінің өмір үшін табанды күресін бастап кетті. Сол кезде ол жанашырларына арнап: "Мені жеңу оңай емес", – деп, үміт пен жігерге толы үндеу жолдаған болатын. Содан бері бір жылдан астам уақыт бойы актер салауатты өмір салтын қатаң ұстанып, ем-домын үзбей қабылдап келеді.
Жақында актердің жақын досы, әріптесі Саят Исембаев әлеуметтік желіде Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайын баяндайтын сурет жариялап, "Бізде бәрі жақсы", – деген қысқа, бірақ үмітке толы жазба қалдырды. Бұл жаңалықты көрген желі қолданушылары бірден қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазып, сауығып кетуін тіледі.
Оқи отырыңыздар:
Айта кетейік, қос актер көпшілікке кеңінен танылған «Рэкетир» фильміндегі рөлдері арқылы есте қалған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі