23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында ауыр атлетикадан басталған құрлықтық біріншілікте қазақстандық Арли Чонтей қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық ауыр атлет Қытайдың екі өкілін алға жіберіп, үшінші орынға табан тіреді. Серпе көтеруде Арли 117 кг салмақты басынан асырып, теңдессіз атанса, жұлқ көтеруде 141 кг-мен 4-орынға ие болды. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 258 кг салмақты еңсеріп, қола жүлдегер атанды.
Арли Чонтей былтыр күзде Бахрейн астанасы Манамада өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды (116+144=260 кг). Ал 2020 жылы Ташкентте чемпион атанды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік