Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы үш медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді.
17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты - 175 келі. Ал жұлқа көтеруде 140 келіні бағындырды.
U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болмады. Ол да жұлқа көтеруде құрлық рекордын орнатты — 194 келі. Серпе көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.
U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады