Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда 4G желілерінің қамтылуы бойынша ТМД елдері арасында соңғы орында тұр. Бұл байланыс құралымен тек 91,6% тұрғын қамтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, инвестициялар өсіп, мобильді байланыс сапасы жақсарғанына қарамастан, Қазақстанда заманауи технологияларға тең қолжетімділік мәселесі әлі де бар. 2025 жылдың он айында телекоммуникация саласына салынған инвестициялар 25%-ға өсіп, 299 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 15,6%-ға артты. Ұялы байланыс қолданушыларының саны 27 миллионнан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға көп.
Алайда Халықаралық электрбайланыс одағының (ITU) мәліметтері бойынша, елдегі 4G желілерінің қамтылуы ТМД елдері арасында төмен болып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша тек Тәжікстан Қазақстаннан төмен тұр. Ал Әзербайжан мен Арменияда қамту 100%-ға, Грузияда 99,7%-ға, Қырғызстанда 99,4%-ға, Беларусьте 99%-ға, Өзбекстанда 97%-ға, Ресейде 93%-ға жеткен.
Бір өкініштісі еліміз әлемдік орташа деңгейге де жетпеді, ол 92,7%-ды құрайды. Ең өзекті проблема ауылдық жерлерде, шағын елді мекендерде және жол бойында байқалады, мұнда сигнал мүлде жоқ немесе ең төменгі жылдамдықпен жұмыс істейді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары