22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұл туралы Үкімет отырысынан кейін министр Бағдат Мусин баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз мәслихатында «90 пайыздан артық біздің еліміз интернетпен қамтылған деп жиі айтасыз. Десе де цифрлық қызметті алу үшін ауылдағы Қазпоштаны жұмылдырамыз дедіңіз. Көп ауылдарға интернет бармағанын мойындағаныңыз ба?» деген журналистің сауалына цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин былай деді:
Мен жиі айтамын. Тағы да түсіндіріп кетейін. 90 пайыз деген 90 пайыз ауыл емес. Еліміздің 90 пайыз тұрғындары интернетке қолжетімділігі бар жерде жүр деген сөз. Яғни, қолжетімділікті ала алады. Бүгінгі таңда ауылдарда аз адам тұрады. Мәселен 10 пайызы ауылдық жерде тұрғылықты тұратын адамдар. Осыған орай біз «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірледік. Оны Премьер-министр мақұлдады. Жоба аясында бұрын оптикасы болмаған 3 мың 483 ауылға үш жылдың ішінде оптика жеткізетін боламыз, – деді министр.
Бағдат Мусин жаңа жоба бойынша 3 мың 483 ауылда қолайлы және сапалы интернет жоқ екенін айтып, сол ауылдарға сапалы интернет орнатамыз деп уәде беріп отыр.
Яғни, шынында да Қазпоштаны тартып жатырмыз. Өйткені ауылдарда қарт адамдардар да жән басқалары да болады. Оларға интернет болса да, сервис және e gov-пен пайдалану қиындық тудырады. Сол себепті ондай адамдар жеке кеңес алу үшін Қазпоштаға жүгіне алады. Ал ауылдардың бәрінде интернет бар деген мәлімдеме берген жоқпын. Шынында біздің көп ауылда интернет сапасыз болып тұр, – деді министр Бағдат Мусин.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев