6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАуылдық аймақтарды дамыту барлық қолданыстағы бағдарламалық құжаттар шеңберінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Экономика вице-министрі қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2027 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөрісі ауыл халқының үлесін 6,5%-ға төмендету күтілетіндігін мәлімдеді.
«Ауылдарды толығымен сумен жабдықтау қызметтері қамтамасыз етіледі. Бұл жерде тек қана орталықтандырылған ауыз су емес екендігіне назар аударғандарыңызды сұраймыз», деді вице-министр.
Ол ауылдық жерлерде интернет желісін пайдаланушылардың саны 97%-ға жеткізу күтілетіндігін айтты. Сонымен қатар даму әлеуметі жоғары барлық 3500 ауылдың инфрақұрылымын жаңарту жүзеге асырылатын болады.
«Ауылдарды қаржыландыру негізінен «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте басқа ауылдарды дамыту жергілікті бюджет және басқа да көздер есебінен қаржыландырылады» , деді Бауыржан Омарбеков.
Алдағы уақытта ауылдық жерлерде 650-ге жуық мәдени обьектілер мен 100 спорт ғимараттары салынатын болады.
Осыған дейін «Ауыл – ел бесігі» жобасына биыл 143 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеген едік.
Осыған дейін Экономика вице-министрі «Дипломмен ауылға» жобасына бюджеттен 20 миллиард теңге қарастырылатынын мәлімдеген еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі