6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚала ішіндегі және кент ішіндегі жолдардың 62,8 мың шақырымы қанағаттанғысыз жағдайда, ауылдардың жолдарында асфальт жоқ. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлерде шамамен 2476 қоғамдық көлік жетіспейді. Ол қоғамдық көлікке деген қажеттілік жоғары екеніне тоқталды.
Жергілікті жолдардың сапасыздығы ауылдық аумақтардың арасындағы байланыстың әлсіз болуына алып келеді және олардың экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Адамдар қоғамдық көліктің қатты тозып кеткеніне көптеген шағым айтуда. Маршруттық желілер тиімсіз ұйымдастырылған, ауысып жүріп-тұру ыңғайсыз, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеулі, қала шетіндегі ауылдарға бара бермейді, - деді депутат.
Осыған орай, уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осыған ерекше назар аударуы қажет деп ескерту жасады.
Тасымалдаушыларға берілетін субсидиялар халыққа көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын арттыруға және жаңа автобустар алуға берілуі тиіс. Бұдан басқа, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және салуға жұмсалатын бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту қажет, - деді Нұртай Сабильянов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі