22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПрезиденттің тапсырмасы бойынша Ақтөбе облысының ауылдарында қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа медициналық мекемелер ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үкімет азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлерде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Ақтөбе облысының 1,5 мыңнан астам тұрғыны бар Мұғалжар ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражатқа және «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес салынған.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, медициналық нысан амбулаториялық қызмет көрсетеді, зертханалық диагностика мен скринингтер жүргізеді. Жобаның жалпы құны – 300 млн теңге. Амбулатория тәулігіне 45 келушіге есептелген. Сондай-ақ өңірде бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор қаражатына салынған Байғанин ауданының Ноғайты ауылында күніне 40 келушіге есептелген фельдшерлік-акушерлік пункт (құны – 190 млн теңге) және қуаты тәулігіне 25 келушіге арналған Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы медициналық пункт (құны – 145 млн теңге) пайдалануға берілген болатын.
5 мыңға жуық адам тұратын Алға ауданы Маржанбұлақ ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.
Жалпы Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласында барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда үш нысан пайдалануға берілді, сегіз нысанның құрылысы жалғасуда,-делінген мәліметте.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев