Жаңалықтар

Ауылда жұмысшыларға арнап үй салған кәсіпкерлерге субсидия беріледі

28.03.2023 17:12
EL.KZ
Фото: El.kz
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ашық НҚА порталында мемлекеттік субсидия беру қағидаларын талқылауға ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Субсидия ауданы 100 шаршы метр (1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын) үйдің 50 пайызынан аспайтын бөлігіне беріледі. Ал баспананың ауданы бұдан үлкен болса, 50 шаршы метр бөлігі ғана субсидияланады.

Аумағында жұмыс берушілер тұрғын үй салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін облыстың жергілікті атқарушы органдары айқындап, жергілікті өкілді органдар бекітеді.

Субсидия агломерация құрамына кіретін, болмаса облыс, аудан орталықтарына, моно және шағын қалаларға тікелей жақын орналасқан ауылдарда үй салу үшін берілмейді.

Жұмыс берушілер тұрғын үй құрылысын инженерлік желілермен қамтамасыз етілген жер учаскелерінде жер заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыруы тиіс.

Субсидия төлеу мәселесін қарау үшін жұмыс берушілер әкімшіге мынадай құжаттарды ұсынады:

Оқи отырыңыз