30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам немесе ел халқының 38,2%-ы тұрады, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер 2022 жылдың басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, 2023 жылдың басында бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842-әйелдер. Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алда, ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам. Одан кейін Қызылорда облысы – 442 423 және Маңғыстау облысы – 420 052, - делінген бюро таратқан хабарламада.
Ауыл тұрғындарының саны Ұлытау облысында ең аз, онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады.
Облыс халқының жалпы үлесінде ауылдықтар саны басым 7 өңір: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Жетісу облыстары.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды