30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАуылдық және шалғай өңірлердің тұрғындарын қоса алғанда, халықтың сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Онлайн медицина» пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрлік мәліметінше, оның басты міндеті — мамандардың қашықтығы мен тапшылығына байланысты кедергілерді еңсеру үшін телемедициналық технологияларды енгізу.
Жоба еліміздің сегіз өңірін-Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын қамтиды.
Оған әртүрлі деңгейдегі 100 медициналық ұйым қатысады. Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы үйлестіруші болып табылады.
Күтілетін нәтижелер:
* ауылдық өңірлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
* консультациялар мен емдеуді күту мерзімін қысқарту;
* халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту;
* тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтерге тең қолжетімділік.
«Онлайн медицинаны» енгізу денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды кезеңі болады, ауылдық жерлердегі тұрғындарға білікті медициналық көмекке, соның ішінде дәрігерлердің кеңестері мен үй маңындағы зерттеп-қарауларға өз ауданынан шықпай-ақ қол жеткізуге мүмкіндік береді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды