26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Саяси партиялар арасындағы пікірсайыста «Байтақ» партиясының өкілі Айнұр Сабитова «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Фермерлерді салықтан босатуды ұсындыңыз. Онда ауылдарда мүлдем бюджет болмай қалады. Ауылдар қай ақшаға өмір сүреді?», - деді Айнұр Сабитова.
«Сұрақты бір жақты қарауға болмайды. Ауылдың, агроөнеркәсіп кешенінің жағдайын қарап, баға беру керек. Республика бойынша 280 мыңнан астам шаруашылықтар жұмыс істейді. Салықтан түсетін ақша түкке де тұрмайды. 1%-ға жетпейтін қаржы ауылдың жағдайын шешпейді. Ол түкке де тұрмайды. Бүгінгі күнде ауылға барып, егін егемін дейтіндер аз. Қазір жастардың бәрі үдере көшіп жатыр. Жұмыс істейтін адам ауылда жоқ. Мемлекет ауыл шаруашылығын қалпына келтіреміз десе, ауылға көбірек көңіл бөлуіміз керек», - деді Жигули Дайрабаев.
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер