12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев штабының басшысы үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz Atameken телеарнасына сілтеме жасап.
«21 қазан 18.00-ден бүгінге дейін Жигули Дайрабаев 6 аймаққа барды. Олар: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облысы және Шымкент қаласында сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Одан бөлек кандидаттың сенімді өкілдері барлық облыста белсенді жұмыс істеуде. Үгіт-насихат жұмыстары сайлаушылар тізіміне енген 11 миллион 915 мың 903 сайлаушыға бағытталады. Ауылдағы еңбек адамдарының мәселесін назарға алып, басымдық етеміз.
Халық кездесулерге белсенді қатысып, ортақ мәселелерін ашық айтуда. Оларды жалқаның төмендігі, азық-түліктің қымбатшылығы, судың сапасы және тағы басқа мәселелер алаңдатады. Біз президенттік сайлауға 2019 жылы дайындықты бастадық», – дейді партияның сайлауалды штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер