Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмысы республика кооперативтердің слетінен басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Тараз қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауыл төрге шықсын!» атты ауыл тұрғындары мен кооперативтерінің республикалық слеті өтті. Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттар, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ауыл тұрғындары қатысты.
««Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісі төріндегі алғашқы бастамасы ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын, азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бастапқы және терең қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салықтардың барлық түрін толық жою болады. Сондай ақ фермерлер мен кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мәселесі алаңдатпауы тиіс. Сондықтан партия бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор ұйымдары тарапынан кепілді сатып алу және өткізу жүйесін құруға қол жеткізеді», - деді Ә. Бектаев.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары қазақтың киелі қарашаңырағы – киіз үйінде кандидаттарды жинап, олардың саяси додада мәреге шашасына шаң жұқпай жетулеріне тілеулестік білдіріп, баталарын берді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары