23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы өз қатарында тек ауыл шаруашылығы қызметкерлерін ғана емес, жалпы ауылға жанашыр азаматтардың көпшілігін біріктіреді. Біздің қатарымызда аграрлы сектор, білім және медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бар. Қазақстандықтардың жартысына жуығы ауылда тұрады.
Ауылды, ауылды аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету біздің мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып есептеледі. Бұл - біздің партияның бастапқы және өзгермейтін саяси бағыты. Сондықтан "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы парламенттің төменгі палатасы мен мәслихаттарға сайлау өткізуді құптайды.
Біз Қазақстанда партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын көріп отырмыз. Бұл бізді қорқытпайды, керісінше, ынталандырады. Себебі біздің өзіміздің саяси платформамыз бар. «Ауыл» партиясының ауыл және ауылды аумақтарды дамыту концепциясына қосатын өзінің ұсыныстары бар.
Сондықтан біз жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайынбыз», - деді партия төрағасы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады