Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСарыағаш ауданы Қапланбек ауыл округіне қарасты Қанағат ауылындағы №7 Төле би атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық қатынастар мамандығын таңдаған 16 жастағы Ақжүніс шетелдік үздік оқу орындарында білім алып, өз саласының кәсіби маманы болуды мақсат етеді. Жас талапкердің білімге деген құштарлығы мен табандылығы нәтижесінде АҚШ, Канада, БАӘ, Түркия және Малайзия елдерінің үздік университеттерінен грант жеңіп алды.
Атап айтқанда, АҚШ-тың 17, БАӘ-нің 5, Түркияның 6, Малайзияның 5 университетінен толық грант жеңіп алса, Канаданың бір жоғары оқу орнынан президенттік шәкіртақымен оқуға мүмкіндік берілді.
Ұлттық бірыңғай тестілеуден 111 балл жинаған Ақжүніс – мектеп қабырғасынан бері үздік оқушылардың қатарында. Жетістігінің артында бірнеше жылдық табандылық пен тынымсыз еңбек жатыр.
Ауыл мектебінде білім алып жүріп-ақ әлемнің назарын өзіне аудартқан Ақжүніс Асылханқызы – аталмыш білім ордасынан алғаш рет шетелдік университеттерге жаппай шақырту алған оқушы. Оның табысы ауыл жастарына үлкен мотивация беріп отыр.
Болашақта отандық және халықаралық қатынастар саласында білікті маман болуды армандайтын Ақжүніс шетелде білім алып, елге оралып, туған жеріне адал қызмет етуді мақсат етеді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды