14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Ауылға баратын дәрігерлерді әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп жатыр. Біріншіден, медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Келген әрбір дәрігерге 1 миллион теңгеден 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер, яғни Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында үш-бес миллионға дейін жәрдемақы бөледі», - деді А. Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау мәселесін талқалуға арналған Үкімет сағатында.
Осы орайда ол әлі де ауылға баратын дәрігерлерді әлеуметтік жағынан қолдауды күшейту керек екенін айтты.
«Жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы, гранттар бөлінеді. түлектерді бөлу жүзеге асырылады. Бүгінде ауылдық жерлерде 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер жұмыс істейді», - деді министр.
Бұл тұрғыда ауылдарда дәрігер жетіспейтінін нақтылады.
«Бұл мәселені шешу үшін ауылда резиденттер міндетті практикадан өту үшін «Резиденттер ауылға» қанатқақты жобасы пысықталып жатыр. Олар ауылда 6 ай мерзімде тәжірибеден өтуі керек. Мемлекет басшысы үш жылдың ішінде резидентураға берілетін гранттар санының жыл сайын 70 пайызға ұлғаюын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл қадамдар дәрігерлерді көбірек дайындауға септігін тигізеді», - деді ведомство басшысы.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды