«Ауыл» партиясының кезектен тыс XII съезі өтті

1 Ақпан 2016, 09:26

Партиялық тізім бектілді.

Бүгін Астанада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XII съезі өтті. Съезд делегаттары мерзімінен бұрын ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысуға шешім қабылдады. Осыған орай 19 адамнан тұратын партиялық тізім бектілді.

«Ауыл» ХДПП оралмандар проблемасына назар аударады. Бұл туралы партия төрағасы Әли Бектаев айтты.

– Өздеріңіз байқағандай, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар арасында оралман Бахаргүл Төлеген де бар, – деді Әли Бектаев. – Ол атажұртқа Қытайдан қоныс аударып, өз бизнесін ашты. Бүгінде ол еліміздегі ең белгілі әйел кәсіпкерлердің бірі. Бұл партияның бағдарламасында оралмандар проблемасына назар аударылатын болады.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясы көпбалалы отбасыларға «отбасылық жалақы» енгізуді ұсынды. Партия өкілдері 3 немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік тұтыну стандартына тең «отбасылық жалақы» енгізу керектігін айтты. Бұл ұсынысты партия төрағасы сайлауалды бағдарламаны таныстыру барысында мәлімдеді.

 

«Ауыл» партиясының атынан парламент Мәжілісі сайлауына түсетін кандидаттар тізімі:

Асқаров Әлібек Асылбайұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры, Алматы қаласы

Аушев Руслан Османович – «Пахарь» ЖШС Директоры, Павлодар облысы

Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы – «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры, Оңтүстік-Қазақстан облысы

Баянов Амангелді Ғазизұлы – «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі» ММ директоры «Ауыл» ХДПП Батыс-Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы

Ғабділәшімов Толымбек Әшімұлы – «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары

Жақыпова Жанат Бүгенқызы – «Коктас-Ақтобе» АҚ бас директорының орынбасары, Ақтобе облысы

Жантілеуов Нұрбай Қожатайұлы – «Архарлы тас» ЖШС құрылтайшысы, «Ауыл» ХДПП Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы

Жексембин Бөрібай Биқожаұлы – «Ауыл» ХДПП Хатшысы

Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы – «Ауыл» ХДПП орталық аппаратының басшысы

Кендюх Иван Гаврилович – «Есіл-су» РММ экономика бойынша директордың орынбасары, кеңесші, «Ауыл» ХДПП Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы

Қалжанұлы Түменбай – Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысы, «Ауыл» ХДПП Маңғыстау облысы бойынша филиалының төрағасы

Маралов Дәурен Әділмырзаұлы – «Алтын диірмен Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Алматы қаласы

Оралов Мейрамбай Әскербайұлы – «Ауыл» ХДПП Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы – «Күріш шаруашылығы Қазақ ҒЗИ» ЖШС бас директоры, «Ауыл» ХДПП Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы

Сарсемәлиев Ғилман Әміржанұлы – «Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК директоры, «Ауыл» ХДПП Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы

Сыдықов Төлеген Сейдомарұлы – «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары

Төлеген Бахаргүл – «Әдемі – Ай plus» ЖШС жетекшісі, Астана қаласы

Хаданович Валентин Васильевич – «Азимут» ЖШС директоры, Қостанай облысы


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

Бөлісу: