23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпараттандыру күні. Осыған орай әлем бойынша "Көк түсті жарық" акциясы өтуде. Көк түс – аутизм спектрінің бұзылуы бар жандарды қолдауды, түсіністік пен қабылдауды білдіреді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарын қолдау мақсатында құрылған "Болашақ" корпоративті қорының мәліметінше, бүгін Астананың басты нысандары акцияға қосылды. Сағат 21:00 – 00:00 аралығында «Бәйтерек» монументі көк түспен жарықтанып, инклюзия мен үміттің символына айналады. Ал 20:00 – 00:00 аралығында «Ailand» шолу дөңгелегінде әр сағат сайын аутизм туралы ақпарат көрсетілуде.
Айта кетсек, БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007 жылы Бүкіләлемдік аутизм туралы ақпараттандыру күнін белгіледі.
Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күнінің мақсаты – аутизм спектрінің бұзылуы бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау, қоғамның олар туралы хабардарлығын арттыру және кемсітушілікпен күресу. Аутизмді қолдау белгісі ретінде әлем бойынша сәулетті ғимараттар көк түске жарықтандырылады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады