Жаңалықтар

Аутизм белгілері: баладан қалай байқауға болады және не істеу керек

18.06.2025 16:37
Мөлдір Қайнар
Фото: pexels.com

Аутизм немесе ресми атауы бойынша — аутистік спектр бұзылыстары (АСБ) — бұл сөйлеу, мінез-құлық, әлеуметтік дағдылар мен вербалды емес қарым-қатынас салаларында қиындықтармен сипатталатын әртүрлі жағдайлардың тобы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, мұндай бұзылыстар әрбір 160 баланың бірінде кездеседі. Бұл туралы El.kz  интернет порталы хабарлайды.

Аутизмнің пайда болу себептері

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себебі белгісіз. Алайда зерттеушілер кейбір факторлар бұл бұзылыстың даму қаупін арттыратынын айтады:

Айта кету керек, вакцинация мен аутизм арасында ешқандай ғылыми байланыс анықталмаған.

Аутизмнің белгілері

Аутизмнің алғашқы белгілері әдетте 2–3 жаста байқалады, бірақ кейде ертерек немесе кешірек те білінуі мүмкін. Белгілер әртүрлі және барлық балада бірдей бола бермейді. Кейде кейбір мінез-құлық ерекшеліктері АСБ-ға ұқсаса да, бұл бұзылыстарға жатпайды. Сондықтан тек маман ғана нақты бағалау жүргізе алады. Жас ерекшеліктеріне қарай келесі белгілерге назар аудару қажет:

6 айда:

9 айда:

12 айда:

16 айда:

24 айда:

Кез келген жаста:

Кейбір балалар ән салғандай немесе робот секілді сөйлейді. Олар бет-әлпет мимикасын түсінбей, өз эмоцияларын білдіре алмауы мүмкін. Кейде сөздерді жаттап алып, нақты жағдайға сәйкес қолдана алмайды. Тіпті қарапайым өтініштерді орындамайтын сияқты көрінуі мүмкін.

Кейбір жағдайларда олардың әрекеті өзгеше, кейде қорқынышты болып көрінеді: олар өз басын соғады, тістейді, үйлесімсіз немесе оғаш қимылдар жасайды — бұл координация бұзылыстарымен байланысты.

Аутизм белгілері байқалса не істеу керек? Ең алдымен педиатрға қаралу қажет. Ол алғашқы тексеріс жүргізіп, аутизмге күдік болған жағдайда невропатологқа жібереді. Невропатолог баланың мінез-құлқын зерттеп, бұзылыстың белгілерін анықтаған жағдайда диагноз қояды. Әдетте бағалау DSM-5 (Америкалық психиатриялық ассоциация) нұсқаулығына негізделеді.

Аутизмі бар адамдарға қалай көмектесуге болады? Дәрігерлер бұзылыстың көріністерін азайту, баланың дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне көмектесу үшін әртүрлі әдістерді қолданады. Әр балаға жеке терапиялық бағдарлама әзірленеді. Ол мыналарды қамтуы мүмкін:

Аутизмі бар балалар айналасындағылармен көбірек араласқан сайын, олардың белгілері сирек әрі жеңіл өтеді. 

Бұған дейін аутизмды анықтаудың жаңа әдісі туралы жазған едік.

Оқи отырыңыз