Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Аустрияның Елшісі Вилли Кемпельді қабылдады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар екіжақты байланыстардың белсенділігі мен сауда-экономикалық іс-қимылдың өсуін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықыластарын жеткізді.
Р.Василенко саяси диалогты тиісті деңгейде сақтап, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ұлғайтудың, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын айтты.
Кездесуді қорытындылай келе, Р.Василенко Аустрия дипломатына жемісті өзара әрекеттестігі және Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдірді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар