28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Virtus World Basketball Championship Astana 2025 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Турнирге келген Аустралия құрамасының спортшысы Алиссиа Бэмблетт Астанадан алған әсерін айтып, пікір білдірді.
Бұл – менің Қазақстанға, оның ішінде Астанаға алғашқы сапарым. Қала өте әдемі, таза, ерекше архитектурасы бар, тұрғындары да мейірімді. Мен Қазақстан спортын үнемі бақылап жүремін. Баскетболдан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әрі әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың басын қосып отыр, - деді Алиссиа Бэмблетт.
13 маусым күні елорданың Триатлон саябағында интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы баскетболдан әлем чемпионаты – Virtus World Basketball Championship Astana 2025 салтанатты түрде ашылды.
Ауқымды спорттық дода Астанада алғаш рет өтіп жатыр. Оған 11 елден 180 спортшы қатысуда. Атап айтқанда, Қазақстан, Израиль, Польша, Аустралия, Италия, Испания, Жапония, АҚШ, Франция, Венесуэла және Португалия командалары бар. Жарыстар 3х3 және 5х5 форматында, ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?